Бублик те, Шевченко да Римдегі жарыстың екінші айналымында есе жіберді

Александр Бублик, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.05.2024 22:21 Сурет: ktf.kz
Қазақстандық теннисшілер Александр Бублик пен Александр Шевченко да жекелей сында Римдегі (Италия) жарыстың екінші айналымында есе жіберді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Александр Бублик португалиялық теннисші, әлемнің 53 ракеткасы Нуну Боржештен 4:6, 4:6 есебімен екі сетте жеңілді.

Қазақстандық теннисші жеті эйс пен алты қос қателік жасады, бес брейк-пойнттың үшеуін сәтті пайдаланды.

Ал Александр Шевченко ресейлік теннисші, әлемнің 18-ракеткасы Карен Хачановтан 4:6, 4:6 есебімен ұтылды. Шевченко ойын кезінде екі эйс жасап, алты брейк-пойнттың төртеуін өз есебіне жазды.

Еске салайық, бұған дейін дәл осы турнирде Елена Рыбакина денсаулығына байланысты жарысқа қатысудан бас тартқан еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: