Хоккейден ӘЧ-2024: Қазақстан Францияны ұтып кетті

Хоккей, ӘЧ-2024, Қазақстан, Франция, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.05.2024 18:03 Сурет: Instagram/kazakhstanhockey
Чехияның Прага және Острава қалаларында хоккейден Әлем чемпионаты басталды. Екінші ойын күні Қазақстан құрамасы мұз айдынына шығып, Франция командасын 3:1 есебімен жеңді, деп хабарлайды Zakon.kz.

В кіші тобында өнер көрсететін Қазақстан құрамасы алғашқы кездесуінде француздарды жеңді. Біздің қарсыластарымыз екінші минутта есеп ашты, Энцо Кантагалло ерекше көзге түсе білді. Көп ұзамай Роман Старченко есепті теңестірді. 

8-ші минутта Ғалым Мамбеталиевтің шәкірттері Максим Мұхаметовтың қарсылас қақпасына дөп соққан шайбасының арқасында алға шықты. Осыдан кейін командалар үзіліске шықты. 

Екінші кезеңде бір ғана гол соғылды, оның авторы - қазақстандық хоккейші Кирилл Савицкий.

3:1 нәтижесі үшінші кезеңде өзгерген жоқ. Осылайша, қазақстандық команда 2024 жылғы Әлем чемпионатында алғашқы жеңіске қол жеткізді. 

Біздің команда 12 мамырда Словакиямен кездеседі. В кіші тобында Қазақстан құрамасынан басқа АҚШ, Швеция, Германия, Польша және Латвия да өнер көрсетеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: