Анна Данилина Мароккодағы жарыстың финалында ойнайды

Анна Данилина, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.05.2024 22:37 Сурет: ktf.kz
Қазақстандық теннисші Анна Данилина Рабат (Марокко) WTA 250 турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жарыстың 2-ракеткалары болып тіркелген Данилина – қытайлық Сюй Ифань жартылай финалда жапониялықтар Эри Ходзуми – Макото Ниномиямен кездесті.

Қазақстандық-қытайлық жұп қарсыластарын 6:4, 6:4 есебімен жеңіп кетті.

Енді олар финалда титул үшін ресейлік жұп Ирина Хромачева мен Яна Сизиковамен таласады.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Лиондағы (Франция) ATP 250 турнирінің жартылай финалына шыққанын жазған едік.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: