Спорттық гимнастикадан әлем кубогі: қазақстандық спортшылар бес финалда бақ сынайды

Спорттық гимнастикадан әлем кубогі: қазақстандық спортшылар бес финалда бақ сынайды, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.05.2024 17:20 Сурет: olympic.kz
Спорттық гимнастикадан Болгарияның Варна қаласында өтіп жатқан Challenge Cup әлем кубогінде қазақстандық спортшылар іріктеуден өтті, деп хабарлайды Zakon.kz olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстан ерлер командасының төрт спортшысы бес финалда бақ сынайды. 

Атап айтар болсақ, Дмитрий Патанин мен Асан Сәлімов еркін жаттығудан финалға өтті. Іріктеуде Патанин 2, Сәлімов 6-нәтиже көрсеткен. 

Гимнастикалық ат снарядындағы іріктеуде Нариман Құрбанов 1, Зейнолла Ыдырысов 2-орынға табан тіреп, ақтық сынға жолдама алды. 

Сондай-ақ, шығыршықтағы жаттығуда 13.600 ұпаймен 8-орын алған Дмитрий Патанин финалдық кезеңде бақ сынайды. 

Бүгін іріктеудің екінші күні өтіп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: