Әмір Омарханов "Ролан Гарростың" екінші айналымына шықты

Әмір Омарханов "Ролан Гарростың" екінші айналымына шықты, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.06.2024 17:06 Сурет: ktf.kz
Әмір Омарханов жұптық сында жасөспірімдер арасында Ролан Гаррос турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.

Омарханов ресейлік Тимофей Дерепаскомен бірге бастапқы кездесуін франциялықтар Антуан Фато – Даниэль Жадемен өткізді.

Бір сағаттан астам уақытқа созылған матчта қазақстандық-ресейлік дуэт 7:6 (7:5), 6:2 есебімен жеңіске жетті. Омарханов – Дерепаско ширек финалға өту үшін жарыстың 5-ракеткалары, франциялық Чарли Камю – аустралиялық Хайден Джонспен кездеседі.

Жекелей сында Амир алғашқы айналымда испаниялық Рафаэль Ходарға жол берді – 2:6, 2:6.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: