Australian Open: жасөспірімдер арасында Әмір Омарханов үшінші айналымға шықты
Сурет: ktf.kz
Аустралия ашық чемпионатында жасөспірімдер арасында қазақстандық Әмір Омарханов үшінші айналымға шықты, деп хабарлайды Zakon.kz Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.
Бастапқы кездесуінде жарыстың 1-ракеткасы, италиялық Федерико Чинаны ұтып, сенсация жасаған 16 жастағы қазақстандық теннисші екінші айналымда ұлыбританиялық Виктор Фридрихпен шеберлік байқасты.
Бірінші партияда ұлыбританиялық 6:3 есебімен басымдық танытты.
Есесіне екінші сетте тай-брейкте Әмір сәтті ойнады — 7:6 (8:6).
Шешуші, үшінші партияда Омарханов 5:3 есебімен алға шықты. Ақыры матчты тағы бір брейкпен түйіндеді — 6:3.
Тартысты матч 2 сағат 13 минутқа созылды.
Қарағанды теннис мектебінің түлегі ширек финалға шығу үшін доданың 14-ракеткасы, оңтүстіккореялық Хен Киммен кездеседі.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript