Александр Бублик Штутгарт турнирінің ширек финалында әлемнің 30-ракеткасымен ойнайды

Александр Бублик Штутгарт турнирінің ширек финалында әлемнің 30-ракеткасымен ойнайды, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.06.2024 17:04 Сурет: ktf.kz
Александр Бублик Штутгарт (Германия) ATP 250 турнирінің ширек финалына өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жарыстың 3-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші екінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 135-орында тұрған сербиялық Хамад Меджедовичпен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда Бублик айқын басымдылық танытты – 6:1. Екіншісінде тай-брейкте матчты бітіре алды – 7:6 (7:4).

Александр Бублик жартылай финалға шығу үшін әлемнің 30-ракеткасы, италиялық Лоренцо Музеттимен кездеседі. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: