Елена Рыбакина: Шөп төсенішіне оралғаныма қуаныштымын

Елена Рыбакина, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.06.2024 18:24 Сурет: Jimmie48 Photography, WTA
Әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Берлинде (Германия) өтіп жатқан WTA 500 турнирінің екінші айналымында жеңіске жеткеннен кейінгі эмоциясын айтты. Қазақстандық теннисші ресейлік Вероника Кудерметованы 6:4, 7:5 есебімен ұтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елена Рыбакина ресейлік теннисші екеуі бір-бірін жақсы білетінін атап өтті.

"Бұл матчты көп күттім. Шөп төсенішіне оралғаныма қуаныштымын. Вероникамен матчтарымыз әртүрлі кезде және әртүрлі кортта өтті. Біз бір-бірімізді жақсы білеміз. Ойымды жинақтап, қолымнан келгеннің бәрін жасадым, жеңіске жеткеніме қуаныштымын", - деді Рыбакина матчтан кейінгі сұхбатында.

Рыбакина жарыстың ширек финалында әлемнің 19-ракеткасы, Беларусь теннисшісі Виктория Азаренкоға қарсы ойнайды. Кездесу ертең, 21 маусымда өтеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: