Қазақстандық теннисшілер Челленджер сериясының турнирлерін сәтті бастады
Екінші айналымға шығу үшін Тимофей Скатов (230 АТР) австриялық теннисші Дэвид Пихлерді (585 АТР) 7:6, 6:1 есебімен жеңді.
Матчтың ұзақтығы 1 сағат 43 минутты құрады. Осы уақыт ішінде қазақстандық бір рет эйс жасап, жеті қос қателік жіберіп, сегіз брейк-пойнттың төртеуін іске асырды.
Келесі раундта Скатов Тиаго Монтейромен ойнайды (Бразилия, 86 АТР).
Тағы бір қазақстандық теннисші Дмитрий Попко Яссыда (Румыния) ойдағыдай өнер көрсетті. Бірінші раундта ол боливиялық Муркель Делленді (214 ATR) 6:4, 6:2 есебімен жеңді.
Спортшылар кортта 1 сағат 22 минут өткізді. Осы уақыт ішінде Дмитрий бес рет эйс жасап, бір қос қателік жіберді және 7 брейк-пойнттың үшеуін жүзеге асырды.
Ол келесі айналымда Сезар Кретумен кездеседі (Румыния, 376 АТР).
8 шілдеде Елена Рыбакина Уимблдондағы 18-жеңісіне жетіп, ширек финалға өтті.