Қазақстанның екінші ракеткасы Хорватиядағы турнирде "сәтсіздікке ұшырады"
Кездесудің ұзақтығы 2 сағат 18 минутты құрады. Ойында Шевченко үш эйс жасап, бес қос қателік пен мүмкін болған он екі брэк пойнттың үшеуін жүзеге асырды. Ал оның қарсыласы Марожан ешқандай эйссіз, үш қос қателік жіберіп, мүмкін болған он үш брэк пойнттың бесеуін жүзеге асырды.
Екінші айналымда Венгрия өкілі Тиаго Монтейромен (Бразилия) – Томаш Махачпен (Чехия) жұбының жеңімпазымен кездеседі.
Умагадағы жарыс 21-27 шілде аралығында өтеді. Турнирдің қазіргі чемпионы-австралиялық Алексей Попырин. 2023 жылы финалда ол швейцариялық теннисші Стэн Вавринканы 6:7 (5:7), 6:3, 6:4 есебімне жеңді.
Бұған дейін тағы бір қазақстандық теннисші Тимофей Скатов Швециядағы АТР-250 турнирінің жартылай финалына өте алмағандығы хабарланған болатын.