Бейбіт Жукаев Ұлыбританиядағы турнирдің екінші айналымына шыға алмады

Бейбіт Жукаев Ұлыбританиядағы турнирдің екінші айналымына шыға алмады, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.06.2024 11:07 Сурет: KTF
Ноттингемде (Ұлыбритания) "Челленджер"АТР сериясының турнирі басталды. Қазақстандық теннисші Бейбіт Жукаев бірінші айналым матчын жеке разрядта өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бастапқы ойында Бейбіт Жукаев (193 АТР) Оңтүстік Африка спортшысы Ллойд Харриске (98 АТР) 6:4, 6:7, 4:6 есебімен жеңіліп қалды.

Матчтың ұзақтығы 2 сағат 6 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде қазақстандық 11 эйс жасап, үш қос қателік жіберіп, алтыдан екі брейк-пойнтты іске асырды.

Сондай – ақ, Ноттингемдегі турнирде біздің тағы бір ойыншы-Михаил Кукушкин (135 АТР) өнер көрсетеді. Бірінші раундта ол Патрик Кипсонмен (141 ATR) ойнайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: