Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің финалына шыға алмады

Елена Рыбакина, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.07.2024 23:18 Сурет: instagram.com/wimbledon
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің финалына шыға алмады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елена Рыбакина жартылай финалдық матчын чехиялық теннисші, әлемнің 32-ракеткасы Барбора Крейчиковамен кездесті.

Қазақстандық теннисші алғашқы сетте 6:3 есебімен жеңіске жеткенімен, кейінгі екі сетте 3:6, 4:6 есебімен жеңіліп қалды. 

Елена матч кезінде сегіз эйс жасап, үш рет допты ойынға бере алмады.

Барбора Крейчикова енді финалда әлемнің 7-ракеткасы Жасмин Паолинимен кездеседі. Матч 13 шілде күні өтеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: