Головкин Тоқаевқа ұлттық құраманың Олимпиадаға дайындығы туралы есеп берді
Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкинді қабылдады Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұлттық құраманың Париж Олимпиадасына әзірлігі жөнінде мәлімет берілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Ақорда" мәліметінше, Геннадий Головкин ұйымның халықаралық бағыттағы қызметін үйлестіру шаралары, сондай-ақ салалық білім беру жобалары туралы баяндады.
Оның айтуынша, ҰОК Халықаралық Олимпиада комитетімен, Азия Олимпиада кеңесімен және басқа елдердің осындай құрылымдарымен байланысты жандандырып жатыр.
Сонымен қатар Ұлттық олимпиада комитеті спортшылардың құқығын қорғауға бағытталған жобаларға баса мән беріп келеді.
Оқи отырыңыз: Ғиззат Байтұрсынов Жасанды интеллект комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript