Тәулік бойы күзет - Израильдік спортшыларға Париж қаншалықты қауіпті
Reuters агенттігінің ақпаратынша, Францияның Ішкі істер министрі Жеральд Дарманен мұндай мәлімдемені депутат Том Портестің сөз сөйлеген бейнежазбасы пайда болғаннан кейін жасады. Портес 20 шілдеде Палестинаны қолдайтын митингіде израильдік спортшылар Францияда қуанбайтынын айтты және осы бағытта бірігуге шақырды.
Том Портес, Сурет: Le Parisien
Франциядағы еврей мекемелерінің өкілді кеңесінің басшысы Йонатан Арфи өз кезегінде Портес "Израиль спортшыларының артына нысана іліп қойды" деп мәлімдеді және 1972 жылы Мюнхенде өткен Олимпиададағы қайғылы оқиғаны еске түсірді, онда террористер Израиль құрамасының 11 мүшесін өлтірген болатын.
La délégation Israélienne fera l’objet d’une sécurisation renforcée par les forces de l’ordre pendant toute sa présence sur le territoire national. pic.twitter.com/HPbO1RAmCu
— Gérald DARMANIN (@GDarmanin) July 21, 2024
Француз телеарнасының эфирінде Франция ІІМ министрі Израильден келген спортшыларды күзетпен қамтамасыз ету ниетінің маңыздылығын растады.
Бұған дейін Француз полицейлеріне Олимпиада күндері сағыз шайнауға тыйым салынған болатын.