Олимпиаданың алғашқы күні футбол турниріндегі жанжалмен басталды

Олимпиаданың алғашқы күні футбол турниріндегі жанжалмен басталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.07.2024 13:29 Сурет: Instagram/paris2024
24 шілдеде ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының бірінші жарыс күні жанжалға толы болды. Аргентина мен Марокко арасындағы футбол ойыны 106-минутта оңтүстік американдықтар гол соққаннан кейін стадиондағы тәртіпсіздіктерге байланысты екі сағатқа тоқтатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Командалар арасындағы жекпе-жек олимпиадалық футбол турнирінің топтық кезеңінің бірінші туры аясында өтті.

Овертаймның 16-минутында аргентиналықтар Кристиан Мединаның голының арқасында есепті 2:2 есебімен теңестірді. Алайда, төреші бұзушылықты байқап, VAR жүйесін қарауға шешім қабылдады. Артынша жанкүйерлер тарапынан тәртіпсіздіктер орын алды.

Осыған байланысты, ойын араға екі сағат салып қана – 1:2 есебімен жалғасты. Төреші аргентиналықтардың екінші голын есептемей қойған. Осылайша, құрама жеңіліс тапты.


"Бұл өмірімде көрген ең үлкен цирк", - деді Аргентина құрамасының бас бапкері Хавьер Маскерано.

Айта кетейік, ойын алдында көрермендер Аргентинаның әнұранын шырқаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: