Жаңалықтар тізбегі
0

Дзюдошы Ерғали Шамей Азия пара ойындарының чемпионы атанды

Дзюдо, пара Азиада, алтын медаль, Азия пара ойындары, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.10.2023 15:34 Сурет: ҚР Туризм және спорт министрлігі
2023 жылғы 24 қазан күні IV Азия пара ойындарының дзюдодан жарыс финалында екі қазақстандық кездесіп, жеңіс астаналық Ерғали Шамейге бұйырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Туризм және спорт министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, шешуші кездесуде Ерғали Шамей отандасы Асылан Нұрдәулетовпен күресті.

Дзюдо, пара Азиада, алтын медаль, Азия пара ойындары, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.10.2023 15:34

Сурет: ҚР Туризм және спорт министрлігі

Осылайша, қазақстандық пара дзюдошылар Қазақстан командасының қоржынына үшінші алтын және бесінші күміс медальді салды.

"Біздің дзюдошылар тағы да керемет нәтиже көрсетті! Қазақстан сіздермен мақтанады және сіздерге жанкүйер. Алдағы турнирлерде де Қазақстан гимні шырқала берсін. Жаңа белестерді бағындырып, жарқын жеңістерге жете берулеріңізге тілектеспін", – деді ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.

Азия пара ойындарында Қазақстандық каноэшілер Жалғас Тайкенов пен Бибарыс Спатай жұбы екі бірдей күміс жүлдеге ие болды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: