Қазақстандық каноэшілер жұбы Азия пара ойындарында тағы екі күміс жүлдеге ие болды

Каноэ, ескек есу, пара Азиада, алтын медаль, Азия пара ойындары, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.10.2023 10:06 Сурет: ҚР Туризм және спорт министрлігі
IV Азия пара ойындарындағы жарыстың екінші күні, яғни 24 қазанда қазақстандық спортшылар екі медаль жеңіп алды. Қытайдың Ханчжоу қаласында каноэшілер Жалғас Тайкенов пен Бибарыс Спатай жұбы екі бірдей күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдымен Жалғас Тайкенов пара каноэдан 43,369 секунд нәтижесімен екінші орынды иеленді.

Сурет: ҚР Туризм және спорт министрлігі

Одан кейін Бибарыс Спатай 200 метрге каноэда ескек есуден күміс медаль алды.

Қазақстандық спортшылардың қоржынында қазір 11 медаль бар: екі алтын, төрт күміс және бес қола. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: