Париж-2024: Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы медальды салған спортшылар туралы не білеміз
Айта кетсек, 27 шілдеде 10 метрге нысана көздеуден аралас командалық сында Ислам Сәтпаев пен Александра Ле Германия құрамасын жеңіп, қола медаль жеңіп алды. Александра мен Ислам 2023 жылы Азиа ойындарында да осындай нәтиже көрсеткен еді, деп жазады Sportarena.kz
Александра Ле алғашқылардың бірі болып Джакартада (Индонезия) өткен Азия чемпионатында оқ атудан Олимпиада жолдамасын ұтып алды. Пневматикалық мылтықтан 50 метрге нысана көздеуден ақтық сында ол жетінші болды. Бұл нәтиже оған Олимпиада квотасын алуға жеткілікті болды.
"Бәрі күтпеген жерден болды, өзім қатты таң қалдым. Жаңалықты жаттықтырушымнан бірінші рет естідім, ол қасыма келіп, "осы финалдан кейін сенде квота болады" деді. Бұл керемет қой", — деді Спорттық оқ ату федерациясының баспасөз қызметіне берген сұқбатында Александра.
Сурет: ҰОК
Александра спортқа келген алғашқы күннен бастап Олимпиадаға қатысуды арман еткенін айтады. Спортшы сұлу егер өз мақсатыңызға сенімді болып, оған толықтай ұмтылсаңыз, онда жеңіске міндетті түрде жетуге болатынын баса атап өтті.
"Мен жаттықтырушымның деңгейімен теңескім келеді. Бұл біздің команданың бас бапкері - Ольга Вячеславовна Довгун. Мен сол кісімен жұмыс істеу үшін ұлттық құрамаға ілінуге тырыстым. Ол кісімен жұмыс істеген маған қатты ұнайды", - деп түсіндірді спортшы.
Сурет: ҰОК
Ислам Сәтбаев 1998 жылы 21 қыркүйекте Алматыда дүниеге келген. Оқушы кезінде оған өзімен бірге біреу тирге баруды ұсынған. Содан ол бұл спорт түріне құлай сүйіп қалады. Сөйтіп ол спорттық жолын жетінші сыныптан бастайды. 2023 жылы ол Джакартада өткен Әлем кубогының күміс жүлдегері атанды. Ханчжоудағы Азия ойындарында Ислам қола жүлдеге ие болды.
"Пьер Кубертеннің ұраны бар емес пе: "Ең бастысы – жеңу емес, қатысу" деген. Бұл қағида әлдеқашан ескіріп қалған. Олимпиадаға келген спортшылардың көпшілігі медальдан үміттенеді. Мен де олардан кем емеспін. Бірақ Олимпиадаға сәтті өнер көрсету үшін спорттық хал-күйінің керемет кезеңінде аяқ басқан, әрине жақсы. Бұл қазір басты міндетке айналды. Сондай-ақ халықаралық жарыстардың ақтық сынында оқ атудан тәжірибе жинақтау оның маңызды бөлігі болып табылады", - деп атап өтті сол кезде Сәтбаев.
Сондай-ақ, бүгін, 2024 жылы 27 шілдеде дзюдошы Елдос Сметов те алғашқы белдесуінде жеңіске жетті.