Қазақстандық тағы бір боксшы Олимпиаданы аяқтады

Қазақстандық тағы бір боксшы Олимпиаданы аяқтады, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.08.2024 21:32 Сурет: olympic.kz
Париж Олимпиадасында бокстан 92 келі салмақтағы ширек финал бәсекелері өтуде. Өкінішке қарай, қазақстандық Айбек Оралбай жартылай финалға шыға алмады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Турнирдің 1/8 айналымында Айбек Оралбай Әзербайжан атынан жұдырықтасатын кубалық боксшы Лорено Альфонсо Домингеспен кездескен болатын. 

Жекпе-жектің алғашқы раундында Айбек 4:1 есебімен алға шықты. Ал екінші және үшінші раундта төрешілер жеңісті Домингеске берді. 

Осылайша, Қазақстан командасының тағы бір боксшысы жарысты аяқтады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: