Қазақстандық жеңілатлет Париж Олимпиадасының финалына жолдама алды
Сурет: olympic.kz
Ұлттық құрама спортшысы Нора Джеруто 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруде Париж Олимпиадасының финалына жолдама алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол іріктеуде 4-орын алды. Уақыт көрсеткіші - 9:16.46 секунд.
Бұл - Нораның осы маусымдағы үздік нәтижесі. Финал 6 тамыздан 7-сіне қараған түні өтеді.
Айта кетейік, Джеруто осы қашықтықта 2022 жылы Юджинде өткен әлем чемпионатында Қазақстанға жеңіл атлетикадан алғашқы алтынды алып келген.
Өкінішке қарай, осы қашықтықта бақ сынаған тағы бір қазақстандық спортшы Дейзи Джемпекей финалдан сырт қалды. Ол өз тобында мәре сызығын оныншы болып кесті. Джемпекейдің уақыт көрсеткіші – 9:24.69.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript