Жеңілатлет Давид Ефремов Олимпиаданың жұбаныш айналымында жарысады

Жеңілатлет Давид Ефремов Олимпиаданың жұбаныш айналымында жарысады, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.08.2024 16:41 Сурет: olympic.kz
Жеңіл атлетикадан Қазақстан командасының мүшесі Давид Ефремов Олимпиаданың іріктеу сынына қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ефремов 110 метрге кедергілер арқылы жүгіруден өз тобында жетінші орын алды.  

Ол  жартылай финалға өте алған жоқ. Енді қазақстандық спортшы жұбаныш айналымында бақ сынап көреді. 

Еске салайық, бұған дейін ұлттық құрама спортшысы Нора Джеруто 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруде Париж Олимпиадасының финалына жолдама алғанын хабарлаған едік.

Ол іріктеуде 4-орын алды. Уақыт көрсеткіші - 9:16.46 секунд.

Бұл - Нораның осы маусымдағы үздік нәтижесі. Финал 6 тамыздан 7-сіне қараған түні өтеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: