Демеу Жадыраев: Жапон балуанымен бұрын кездесіп, жеңілген едім

Демеу Жадыраев, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.08.2024 22:10 Сурет: olympic.kz
Грек-рим күресінен Париж Олимпиадасының финалына шыққан Демеу Жадыраев шағын сұхбат беріп, бүгінгі жекпе-жектерін қорытындылады, деп хабарлайды Zakon.kz olympic.kz-ке сілтеме жасап.

"Олимпиада ойындары болғандықтан, ешбір белдесу оңай болған жоқ. Ешкімді бөліп-жармаймын. Төрткүл дүние көз тіккен жарыс, сондықтан жауапкершілік жүгі ауыр. 

Әлі де босаңсуға болмайды. Ертең финалда жолығатын жапон балуанымен бұрын кездесіп, жеңілген едім. 

Ал жартылай финалдағы әзербайжандық спортшымен оқу-жаттығу жиындарында күресіп жүрміз. Осы белдесуде бас бапкер Юрий Мельниченконың қойған тактикасымен күрестім. Бәрі ойдағыдай шықты. 

Қолдауларыңызға рахмет. Енді финалды күтеміз", - деді Жадыраев.

Еске салайық, грек-рим күресінен Қазақстан командасының өкілі Демеу Жадыраев Париж Олимпиадасының финалына шықты.

77 келі салмақта сынға түскен Демеу жартылай финалда әзербайжандық Санан Сүлеймановтан басым түсті.

Финал ертең, 7 тамызда өтеді. Қазақстандық балуан Париж Олимпиадасының алтын жүлдесін жапониялық Нао Кусакамен сарапқа салады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: