Париж Олимпиадасы: жеңілатлет Жанна Мамажанова мәре сызығын отыз үшінші болып кесті

Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының өкілі Жанна Мамажанова Париждегі Олимпиада ойындарында өнер көрсетті, деп хабарлайды Olympic.kz.
Спортшы марафонда ел намысын қорғады.
Мамажанова 42 шақырым қашықтықты 02:30:51 уақытта бағындырып, 33-орын алды.
Сифан Хасан (Нидерланд) Олимпиада рекордын жаңартып, жеңіске жетті - 02:22:55.
Эфиопиялық Тигц Ассефа мәреге екінші болып келді - 02:22:58. Үздік үштікті кениялық Хелен Аутри түйіндеді – 02:23:10.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript