Юлия Путинцева Паула Бадосадан жеңіліп, WTA 1000 турнирінен шығып қалды

Юлия Путинцева, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.08.2024 09:13 Сурет: ktf.kz
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Цинциннатиде өтіп жатқан WTA 1000 турнирінен шығып қалды. Ол 17 тамызда өткен үшінші айналымдағы кездесуінде испаниялық Паула Бадосадан жеңілді, деп хабарлайды Zakon.kz .

Матч 1 сағат 52 минутқа созылды. Паула Бадоса 6:4, 6:4 есебімен жеңіп кетті.

Путинцева екі эйс жасап, бір қос қате жіберді және алты брейк-пойнттың біреуін сәтті пайдаланды.

Еске салайық, қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің екінші ракеткасы, америкалық Коко Гауфтан басым түсіп, сенсация жасаған еді.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: