Қазақстан әлде Өзбекстан: WBC кәсіпқой бокс бойынша кіл мықтыларды анықтады
sportarena.kz ақпараты бойынша, Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) әр салмақтағы үздік спортшылардың рейтингін жасады.
Кеңестің пікірінше, орта салмақтағы бір ғана қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов екінші орын алып, өз санатындағы ТОП-15-ке кіреді.
Ал Өзбекстандық боксшылардың бірден алтауы 15 мықтының қатарына қосылды.
Олар: Израиль Мадримов (3-ші), Муроджон Ахмадалиев және Хасанбой Дусматов (өз санаттарында 4-ші), Баходир Джалолов (6-шы), Шахрам Ғиясов (7-ші), Бектемир Меликузиев (13-ші).
Сан бойынша жеңілсек те, сапа бойынша көрсеткіш жақсы екенін айта кеткен жөн: Нұрсұлтанов WBC нұсқасы бойынша Орталық Азиялық спортшыларының рейтінгінде көш бастап тұр.
16 тамызда бокстан Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері болып 54 жастағы Қайрат Сатжанов тағайындалды.