Жаңалықтар тізбегі
0

Юлия Путинцева әлемдік рейтингіде бірден 199 сатыға жоғары көтерілді

Юлия Путинцева әлемдік рейтингіде бірден 199 сатыға жоғары көтерілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.08.2024 17:30 Сурет: ktf.kz
Өткен аптада жұптық сында Цинциннати (АҚШ) WTA 1 000 турнирінің финалына дейін жеткен Юлия Путинцева әлемдік рейтингіде 94-орынға көтеріліп, ТОП-100-ге кірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұрын 293-орында тұрған қазақстандық теннисші бірден 199 сатыға жоғарылап, турнирлік кестедегі жағдайын жақсартты. 

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина 48-ден 49-ға төмендеді.

Юлия Путинцева жекелей сында да 34-тен 31-ге көтеріліп, ТОП-30-ға қайта жақындады.

Еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина бұрынғыша 4-орынын сақтап қалды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: