Елорда әкімі Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбайға көлік сыйлады

Марапаттау, Нұрбек Оралбай, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, автокөлік, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.08.2024 19:27 Сурет: Астана қаласының әкімдігі
Астанада Париждегі Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай мен оның бапкері марапатталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елорда әкімі Жеңіс Қасымбек спортшы және оның жаттықтырушысы Асқар Еркебаевпен кездескені туралы Instagram-дағы парақшасында жазды.

"Парижде өткен Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбаймен және оның жаттықтырушысы Асқар Еркебаевпен кездестім.Нұрбек Оралбай еліміздің әрі қаламыздың атынан сынға түсті! Оның бұл жетістігінің артында мыңдаған сағаттық жаттығулар, сол сияқты отбасының, жаттықтырушысының және туыстарының қолдауы мен өзіне деген сенімі жатыр!Демеушілер есебінен Нұрбек Оралбайға Land Rover Defender автокөлігінің кілті, ал жаттықтырушысына 10 млн теңгенің сертификаты табыс етілді.Спортшыларымызға биік-биік шыңдарды бағындыруын тілеймін!", делінген әкім жазбасында.

Олимпиада ойындарында алғаш рет бақ сынаған Нұрбек Оралбай 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. 2024 жылы 8 тамызға қараған түні Оралбай "алтын" үшін украиналық қолғап шебері Александр Хижнякпен өзара бақ сынасты. Алайда 2020 жылғы Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері, Әлем және Еуропа чемпионы, украиналық 29 жастағы боксшы жерлесімізге мүмкіндік бермеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: