Данияр Шаяхметов тректегі велоспорттан әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды

Қазақстандық велоспортшы Данияр Шаяхметов тректегі велоспорттан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында күміс медаль иеленді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Велошабандоз кейрин бағдарламасында сынға түсті. Ол жеңімпаздан +0.026 секундқа ғана қалып қойған.
Осылайша, әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.
Айта кетелік, тректегі велоспорттан жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігі Қытайда өтіп жатыр.
Турнир 21-25 тамыз аралығына жоспарланған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript