Жаңалықтар тізбегі
0

Олимпиада чемпионы қазақстандық бокшылардың Париждегі ойындарда неліктен өздерін көрсете алмағанын айтты

Олимпиада чемпионы қазақстандық бокшылардың Париждегі ойындарда неліктен өздерін көрсете алмағанын айтты , сурет - Zakon.kz жаңалық 23.08.2024 10:23 Сурет: instagram/ivandychko
Бокстан Қазақстанның екі дүркін Олимпиада чемпионы Иван Дычко қазақстандық боксшылардың Париж ойындарындағы өнер көрсетуі туралы пікірімен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол sportarena.kz-ке берген сұхбатында қазақстандық команда жиындарда "артық жаттығады" деген қорытындыға келді.

"Мен жақында 2016 жылғы Олимпиададағы Эфе Аджагбаға қарсы жекпе-жегімді қайта қарадым. Мен бұл жекпе-жекте жеңдім, бірақ шын мәнінде оны жеңу маған қиынға түсті. Есімде, ол кезде мен шамадан тыс жаттығып, сергектік жоқ, ынта-жігерсіз болдым. Біздің боксшылар үшінші раундта дем алмайды деген сарапшылардың пікірлерін оқыдым. Осыдан қорытынды шығарсақ, оларға олимпиадада сергектік жетіспеді".

Ол қазақстандықтардың Олимпиадаға дайындығы әрқашан қарқынды болғанын айтты.

"Мен дайындықтық менікі сияқты өте қарқынды болғанын ғана елестете аламын. Бұл біртүрлі көрінуі мүмкін, бірақ жүктемені азайту жеткілікті. Боксқа қатысы жоқ элементтерді алып тастау керек. Бұл боксшыға ешқашан керегі болмаған 15 км-лік кросс, үш сағаттық жүрулер болуы мүмкін. Маған дәл осы екеуі дамытудың орнына керсінше әсер берген, сондықтан осыларды айтып отырмын. Жалпы дамушы нәрселерден гөрі арнайы дайындыққа, төзімділікке көбірек көңіл бөлу керек", — деді боксшы.

22 тамызда Әбиба Әбужақынова өзінің жаңа сыйлығын көрсетті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: