US Open: Бублик жеңіліп, Шевченко екінші айналымға өтті

US Open: Бублик жеңіліп, Шевченко екінші айналымға өтті, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.08.2024 17:11 Сурет: ktf.kz
АҚШ-та басталған теннистен US Open турнирінде әзірге екі қазақстандық спортшы сынға түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстанның бірінші, әлемнің 27-ракеткасы Александр Бублик бірінші айналымда жеңіліп қалды. Ол әлемнің 72-ракеткасы саналатын қытайлық  Шан Цзюньчэннен 6:4, 3:6, 5:7, 6:3, 6:4 есебімен ұтылды. 

Ал Александр Шевченко болса, бірінші кезеңнен сүрінбей өтті. Ол алғашқы айналымда германиялық Доминик Кепферді төрт сет қорытындысы бойынша жеңді. 

Шевченконың келесі қарсыласы - америкалық Фрэнсис Тьяфу. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: