Рыбакинаның экс-бапкері Стефано Вуков WTA жаттықтырушылары тізімінен шығып қалды

Елена Рыбакина, экс-бапкер, WTA жаттықтырушылар тізімі, Стефано Вуков, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.08.2024 13:41 Сурет: ҚТФ баспасөз қызметі
Инсайдер Крейг Шапиро өзінің Twitter-дегі парақшасында WTA хорват маманы Стефано Вуковты жаттықтырушылар тізімінен шығарып тастағанын жазды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Танымал спорт журналисі Крейг Шапиро Twitter-де былай деп жазды:

"Сенімді дереккөздер маған Стефано Вуковтың WTA жаттықтырушыларының ресми тізімінен алынып тасталғанын жеткізді. Ал бұл теннис турларында жұмыс істеуге салынған тыйымды білдіреді".

Бір апта бұрын US Open жарысы басталмас бұрын Елена Рыбакина бес жыл бірге жұмыс істеген хорватиялық бапкер Стефано Вуковпен арадағы әріптестік байланыс мерзімі аяқталғанын жариялады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: