Рыбакинаның WTA рейтингіндегі орны белгілі болды

Елена Рыбакина, қазақстандық теннисші, әлемдік ондық теннисші, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.10.2025 14:18 Сурет: j48tennis
2025 жылғы 10 қазанда Елена Рыбакина Арина Соболенкодан ойсыра жеңіліп қалды. Осылайша, ол WTA рейтингісінде жаңа орынға тұрақтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

10 қазанда әлемнің 1-ракеткасы Арина Соболенко қазақстандық теннисшіге еш мүмкіндік қалдырмады. Ол Елена Рыбакинаны 1 сағат 25 минут ішінде екі сетте — 6:3, 6:3 есебімен сенімді түрде жеңді.

Соған қарамастан, WTA ұйымының мәліметіне сәйкес, Ухань турниріндегі өнерінен кейін (Рыбакина ширек финалға дейін жеткен), қазақстандық теннисші әлемдік жеке рейтингте 9-орынды сақтап қалды.

Сурет: WTA

Ал Юлия Путинцева бірден 6 сатыға төмен түсіп, қазір 69-орында тұр. Жұптық разрядта Анна Данилина 12-орыннан 13-орынға түсті.

Бұған дейін Семейде бокстан Қазақстан чемпионаты өтетіндігін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: