Елена Рыбакинаның WTA-дағы жеңісі үшін қанша сыйақы алатыны белгілі болды

Елена Рыбакина, WTA, Қорытынды турнир, чемпион, сыйақы , сурет - Zakon.kz жаңалық 09.11.2025 15:37 Сурет: j48tennis
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA №6) Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өткен 2025 жылғы WTA-ның Қорытынды турнирінің финалында әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенконы жеңді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық спортшы финалда Беларусь өкілі Арина Соболенканы екі сетте де тізе бүктірді. Шешуші кездесу 6:3, 7:6 есебімен аяқталды. Осылайша, Рыбакина әйелдер арасындағы жекелей сында WTA қорытынды турнирін жеңіп алған алғашқы қазақстандық теннисші атанды.

Рыбакина турнирдің бес кездесуінде де жеңіске жетті. Сондықтан қазақстандық теннисші бір де бір жеңіліссіз қол жеткізген титулы үшін әлемдік теннис тарихындағы рекордтық жүлде – 5,235 миллион доллар (шамамен 2,75 миллиард теңге) алатын болады.

Турнир барысында Соболенкодан бөлек, Рыбакина Аманда Анисимованы (№4), Ига Швентекті (№2), Екатерина Александрованы (№10) және Джессика Пегуланы (№5) жеңген болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: