WTA: Рыбакина өз кәсіби мансабында алғаш рет Қорытынды турнирдің финалына шықты
Сурет: Instagram/wtafinalsriyadh
Бүгін, 7 қарашада Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында WTA-2025 маусымының Қорытынды турнирінің алғашқы жартылай финалында қазақстандық теннисші Елена Рыбакина мен америкалық Джессика Пегуламен (5-орын) кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ойын өте тартысты өтті, мәселе үшінші сетте шешілді. Кездесу 2 сағат 5 минутқа созылды. Ақыры 4:6, 6:4, 6:3 есебімен Рыбакина (WTA рейтингінде 6-орында) өзінің кәсіби мансабында алғаш рет WTA-2025 маусымының Қорытынды турнирінің финалына шықты.
Финалда Елена беларусь спортшысы Арина Соболенко (1-орын) немесе америкалық Аманда Анисимованың (4-орын) бірімен кездеседі.
Еске сала кетсек, топтық кезеңде Елена Рыбакина үш бірдей жеңіске қол жеткізді. Ол америкалық Аманда Анисимованы, польшалық Ига Швентекті, сондай-ақ ресейлік Екатерина Александрованы ұтып кетті.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript