Жаңалықтар тізбегі
0

"Оған бірдеңе болған". Стаббс Рыбакинаның жағдайына алаңдап, пікір білдірді

Елена Рыбакина, Ренне Стаббс, US Open – 2024, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.08.2024 16:46 Сурет: Instagram/lenarybakina
Әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы, "Үлкен Дулыға" турнирінің алты мәрте жеңімпазы (жұппен және миксте) Ренне Стаббс US Open-2024 турнирінде өнер көрсетуден бас тартқан қазақстандық чемпион Елена Рыбакинаға қатысты өз алаңдаушылығын білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Әлбетте, оған бірдеңе болған. Ши жүгіртіп, алдын ала долбар жасағым келмейді, дегенмен бұл назар бөлуді қажет ететін ерекше жағдай. Биыл сегіз рет жарыстардан қалыс қалды, енді US Open-де беймәлім жарақат туралы айтылып жатыр. Менің ойымша, бұл жерде бірдеңе болып жатыр, қалай дегенмен де жағдай қалыпты емес. Өткенде оны көріп қалдым, маған жағдайы онша емес секілді көрінді. Көптеген жылдар бойы оны жарыстарда көріп келемін, оның қай кезде бақытты, қандай күйде жақсы ойнаған кезін жақсы білемін. Ол тамаша ойын өрнегін көрсеткен кезде әлемдегі ең мықты ойыншы болып шыға келеді. Иә, ол ең мықтылардың бірі. Қалай дегенмен де оның басындағы жағдай, менің ойымша, біз ойлағаннан да күрделірек секілді. Әрине, қорқынышты. Әрине, көңілге қаяу салады. Ол өзі сондай сүйкімді, онымен бірге болудың өзі бақыт. Біз оған жақсылық тілейміз және ол өзіне қажеттіні табады деп үміттенеміз", – деп The Tennis Letter Стаббстың сөзін келтіреді.

2024 жылы 30 тамызда Рыбакина US Open-2024 турнирінің екінші айналымы алдында өнер көрсетуден бас тартатынын мәлімдеді. Оның айтуынша, бұған ескі жарақаттары себеп. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: