Елена Рыбакина US Open турнирінде әлемнің 30-ракеткасынан жеңілді

Елена Рыбакина, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.09.2023 10:00 Сурет: idahopress.com
Қазақстанның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина US Open турнирінің үшінші айналымында ойнады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елена Рыбакина "Үлкен дулыға" санатындағы турнирдің үшінші айналымында хорватиялық теннисші, әлемнің 30-ракеткасы Сорана Кырстямен кездесті.

Қазақстандық теннисші 3:6, 7:6(8), 4:6 есебімен жеңілді.

Рыбакина үш сағатқа жуық созылған тартысқа толы матч кезінде үш эйс орындап, төрт қос қателік жасады. 13 брейк-пойнттың тек төртеуін сәтті пайдаланды. Осылайша, АҚШ ашық чемпионаты турнирінде Қазақстанның ешқандай өкілі қалмады. 

Бұған дейін жұптық сындағы теннисшілер Анна Данилина мен Андрей Голубев турнирден шығып қалған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: