Елена Рыбакина Берлиндегі турнирде әлемнің бірінші ракеткасынан жеңілді

Елена Рыбакина Берлиндегі турнирде әлемнің бірінші ракеткасын жеңілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.06.2025 22:02 Сурет: ktf.kz
Қазақстанның бірінші, әлемнің 11-ракеткасы Елена Рыбакина Берлиндегі WTA 500 турнирінің ширек финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық теннисші бұл айналымда әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенкомен кездесті.

Елена Рыбакина Арина Соболенкодан үш сетте жеңілді — 6:7, 6:3, 6:7. Ал Беларусь теннисшісі  жартылай финалға шықты, онда ол чехиялық Маркета Вондроушовамен (164-орын) кездеседі. Вондроушова тунистік Онс Жаберден (61-орын) басым түсті — 6:4, 6:1.

Айта кетейік, Берлиндегі турнирдің жүлде қоры — 925 661 еуро. Жеңімпаз 142 610 еуро мен 500 рейтингтік ұпайды иеленеді.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: