Рыбакина Берлиндегі турнирдің ширек финалында әлемнің бірінші ракеткасымен ойнайды

Рыбакина Берлиндегі турнирдің ширек финалында әлемнің бірінші ракеткасымен ойнайды, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.06.2025 20:17 Сурет: instagram.com/berlintennisopen
Қазақстанның бірінші, әлемнің 11-ракеткасы Елена Рыбакина Берлиндегі турнирдің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елена турнирдің 1/8 финалында WTA рейтингінде 74-орында тұрған, ал жұптық сындағы әлемнің бірінші ракеткасы, чехиялық теннисші Катерина Синяковамен кездесіп, оны екі сетте 6:4, 7:6 есебімен жеңіп шықты.

Осылайша, қазақстандық теннисші турнирдің ширек финалына шығып, әлемнің 1-ракеткасы, Беларусь теннисшісі Арина Соболенкомен шеберлік байқасады.

Берлиндегі WTA 500 турнирінің биылғы жүлде қоры – 925 661 еуро. Жеңімпаз 142 610 еуро мен 500 рейтингтік ұпай иеленеді.

Еске салайық, бұған дейін Елена Рыбакина туған күнінде Берлиндегі турнирді жеңіспен бастағанын жазған едік.

Айта кетейік, 17 маусым күні Елена Рыбакина 26 жасқа толды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: