Жаңалықтар тізбегі
0

Паралимпиада ойындарында қазақстандық мерген финалға шықты

Еркін Ғаббасов, Паралимпиада ойындары-2024, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.08.2024 14:23 Сурет: Дене мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы
Қазақстандық пара мерген Еркін Ғаббасов 2024 жылғы Париждегі жазғы Паралимпиада ойындарының іріктеу сынында сәтті өнер көрсетіп, финалда жүлдеге таласатын болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

R1 классында винтовкамен 10 метрге пара нысана көздеуден сынға түскен Еркін Ғаббасов жалпы есепте 6-шы орынды иеленді. Барлығы ол 619.5 ұпай жинады (104.6; 102.6; 102.3; 103.0, 103.8, 103.2).

Іріктеу ойындарына барлығы 18 пара спортшы қатысты, олардың тек сегізі ғана финалға шыға алды.

40 жастағы Қазақстан мергені SH1 санатында өнер көрсетті, ол бойынша жарысқа қосымша қолдаусыз қаруды ұстауға қабілетті тірек-қимыл аппараты зақымданған спортшылар қатысады.

Жарыс финалы 31 тамызда сағат 15:15-те өтеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: