Паралимпиада ойындарындағы алғашқы медаль: Еркін Ғаббасов күміс жүлдегер атанды

Еркін Ғаббасов, қазақстандық пара мерген, күміс медаль, Париж, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.08.2024 16:15 Сурет: ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі
Қазақстандық пара мерген Еркін Ғаббасов 2024 жылғы Париждегі жазғы Паралимпиада ойындарының финалында өнер көрсетіп, күміс медальға ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айта кетейік, R1 классында винтовкамен 10 метрге пара нысана көздеуден сынға түскен Еркін Ғаббасов жалпы есепте 6-шы орын иеленіп, медальға таласуға мүмкіндік алған еді. Ол барлығы 619.5 ұпай жинады (104.6; 102.6; 102.3; 103.0, 103.8, 103.2).

Финалда Ғаббасов 247.3 ұпай жинап, жалпы есепте екінші орынға ие болды.

Қазақстан мергені шешуші сәтте қазіргі әлемдік рекорд иегері, корей спортшысы Пак Джинхоға жол берді. Чемпионның нәтижесі - 249,4 ұпай, бұл - жаңа Паралимпиада рекорды.

Қола медаль дат спортшысы Мартин Блэк Юргенсенге (226.5) бұйырды.

Осылайша, 2024 жылғы Париж ойындарында Ғаббасов Қазақстан құрамасы қоржынына бірінші медальды салды. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: