US Open-2024: Анна Данилина мен Ирина Хромачёва жұптық сында сенсация жасады

Анна Данилина, Ирина Хромачёва, жұптық сын, сенсация, теннис, US Open-2024, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.09.2024 10:56 Сурет: ҚТФ баспасөз қызметі
Қазақстандық теннисші Анна Данилина мен ресейлік Ирина Хромачева US Open-2024 турнирінің үшінші айналымына өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Екінші раундта олар америкалық Каролин Долхайд пен Дезире Кравчикті 6:3, 6:4 есебімен жеңді. Корт қожайындары US Open турниріндегі ең мықты әрі таңдаулылар қатарынан болып табылады.

Кездесудің ұзақтығы 1 сағат 26 минутты құрады.

Данилина мен Хромачева екі эйс жасап, үш қос қателікке жол жіберді және 11 брейк-понттың бесеуін сәтті жүзеге асырды. Долхайд пен Кравчиктің еншісінде үш эйс, үш қос қателік және сәтті жүзеге асырылған екі брейк-пойнт бар.

US Open-2024 турнирінің ширек финалына шығу үшін Анна Данилина мен Ирина Хромачева Тереза Михаликова (Словакия) мен Оливия Николлс (Ұлыбритания) дуэтімен өзара бақ сынасады.

Бұған дейін Анна Данилина Харри Хелиоваарамен (Финляндия) бірге аралас категорияда сәтті өнер көрсеткен болатын

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: