Қазақстандық боксшылар халықаралық турнирден 13 медаль жеңіп алды.
Сурет: ҚР ҰОК
Ресей Читінде бокстан Еуразия Кубогы аяқталды. Қазақстан командасы 13 марапатқа ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ҰОК ақпараты бойынша, 67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде боксшы Төрехан Сабырхан жеңіске жетті, алтын медаль иеленді.
57 келіде Жансері Көшербаев пен 80 келіде Мадияр Бексұлтанов финалда төрешілер шешімімен жергілікті боксшыларға жол беріп, күміс жүлдеге ие болды.
Он спортшы қола жүлдегер атанды: 51 кг. Бексұлтан Боранбек, 54 кг. Әділбек Қожахан, 54 кг. Әли Мұрат, 57 кг. Бауыржан Мұратов, 63,5 кг. Асылхан Көшербай, 63,5 кг. Ахмет Үсен, 71 кг. Өнер Сейілхан, 75 кг. Санжарәли Бегалиев, 80 кг. Дамир Синеев, 92 кг. Аслан Елдібайұлы.
Бұған дейін "Ақтөбе" футбол клубының бас бапкері Дмитрий Парфенов қызметінен кеткені хабарланды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript