Әмір Омарханов жұптық сында US Open турнирінің келесі кезеңіне өтті

Әмір Омарханов жұптық сында US Open турнирінің келесі кезеңіне өтті, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.09.2024 17:30 Сурет: olympic.kz
Қазақстандық теннисші, 16 жастағы Әмір Омарханов жұптық сында жасөспірімдер арасында АҚШ ашық чемпионатының 1/8 айналымына өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық теннисші ресейлік Тимофей Дерепаскомен бірге бастапқы кездесуін түркиялық Карахан Атакан – оңтүстіккореялық Хуйонг Ромен өткізді.

Бірінші партияда қазақстандық-ресейлік жұп 6:3 есебімен басым түссе, екіншісінде түркиялық-оңтүстіккореялық дуэт есе қайырды – 6:3. Супер тай-брейкте Әмірханов – Дерепаско жеңісті жұлып алды – 10:8.

Әмір Омарханов – Тимофей Дерепаско ширек финалға шығу үшін чехиялық Денис Петак – швейцариялық Флинн Томаспен таласады.

Биыл Ә.Омарханов – Т.Дерепаско Ролан Гаррос жарысында жартылай финалға дейін жетіп, онда болашақ чемпиондарға жол берген еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: