Елордалық қос спортшы дәстүрлі садақ атудан қола медаль иеленді

Қанат Қасымхан, дәстүрлі садақ ату, қола медаль, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.09.2024 18:04 Сурет: gov.kz
V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында дәстүрлі садақ атудан "Пута" нысанасы бойынша өнер көрсеткен Астана қаласының спортшысы Қасымхан Қанат қола медальға ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана қаласы әкімдігінің хабарлауынша, 9 қыркүйекте "Пута" нысанасы бойынша (ерлер – 70 метр, әйелдер – 60 метр) жарыс өтті. "Арғымақ" ат-спорт кешенінде өтіп жатқан бәсекеге 33 мемлекеттен 180 спортшы қатысып жатыр. Бұл спорт түрінен бақ сынаған Астана қаласының спортшысы Қасымхан Қанат қола медальға ие болды. Бұдан бұрын тағы бір жерлесіміз әйелдер арасында өнер көрсеткен Айкөркем Батихан қола медаль еншілеген болатын.

Сурет: gov.kz

Бұл спорт түрінен Қазақстан құрамасы сапынан 10 спортшы ел намысын қорғайды.

Айта кетейік бұл спорт түрінен Астана қаласының алты спортшысы бақ сынауда.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: