Дат теннисшісіне жол берген Бублик: Уимблдонда бұдан әлдеқайда нашар ойнағанмын...
Сурет: olympic.kz
Қазақстандық теннисші Александр Бублик Дэвис кубогында рейтингі бойынша өзінен әлдеқайда төменде тұрған даниялық Эльмер Мюллерден неге жеңілгенін түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Егер, Сіздер айтқандай, оны місе тұтпай, қауқарын жеткілікті бағаламаған болсам, мен бірінші сетте жеңіске жетпеген болар едім. Біріншісінде жеңдім, екінші сетте де қателеспедім, ол әдеттегідей ойнап, өзін көрсете білді. Мен қолымнан келгеннің бәрін жасадым, одан ары жақсы ойнай алмадым. Мен көп матч өткіздім, мысалы Уимблдонда бұдан әлдеқайда нашар ойнадым, Дубайда финалда нашар ойнадым, бірақ жеңдім ғой ақырында. Қазіргі жағдайда да жақсы матч өткіздім, айқын сәтсіздіктер, дөрекі қателіктер болған жоқ. Біз шындықты сол күйінде қабылдау білуіміз керек, одан соң оны ұмытып, ертеңінде "жеңеміз" деп қайта кортқа шығуымыз тиіс", деп SPORT + Бубликтің сөзін келтіреді.
Бұған дейін Астанада Қазақстан мен Дания құрамалары арасында Дэвис кубогының бірінші әлемдік тобының матчтары басталғанын, жекелей сында кортқа бірінші болып шыққан Қазақстан теннисінің үздігі Александр Бублик (АТР рейтингісінде 27-орындағы) қарсыласынан жеңіліп қалғанын хабарлағанбыз.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript