Футзалдан Әлем чемпионаты, Қазақстан — Испания: Бас бапкер Кака не дейді
Сурет: Instagram/kff_team_futsal и kff_team
Бүгін, 15 қыркүйекте футзалдан Қазақстан құрамасы Өзбекстанда өтіп жатқан Әлем чемпионатының топтық кезеңінде Испаниямен кездеседі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстан құрамасы D тобында Испания, Ливия және Жаңа Зеландиямен теке-тіресетін болады.
Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Пауло Рикардо Кака Әлем чемпионатының алғашқы ойыны қарсаңында команданың дайындығына баға берді.
"Әндіжанға 11 қыркүйек күні келдік. Көршілес Өзбекстан елі болғандықтан қиын болмайды деп ойлағанбыз. Жақын болғанымен сапар жеңіл болмады. Алайда ерте келгеннен кейін қалпымызды жинап алдық. Бүгінгі дейін екі рет жаттығу жасадық, бүгін бірінші рет ойын өтетін алаңда жаттығу жасаймыз. Жаттығу мен ойын алаңының төсеніштері әртүрлі, алайда жарысқа қатысатын командалар үшін жасалған жағдайлар бірдей.Испания құрамасына талдау жасадық. Біздің команда өз күшіне сеніп қоймай, қарсыластың ойынын талдау үшін көп уақыт бөледі. Испания - футзал әлемінің гранды. Ертең ойында қарсыластың мықты тұстарын тоқтатуға тырысамыз. Оң нәтижеге жететін мүмкіндігіміз бар деп санаймын. Қанат Жеткірбаев команданың қатарында. Өйткені, соңғы жаттығуға дейін әртүрлі себептерге байланысты тізімде бір ойыншыны ауыстыру мүмкіндігі бар. Дегенмен Испаниямен өтетін ойынға нақты тізім енген ойыншылардың барлығы қатысады деп үміттенемін", – дейді бапкер.
Бүгінгі матчты сағат 17:30-да Qazsport телеарнасының тікелей эфирінен көре аласыздар.
Аталған сында ел намысын Нарун Серіков, Леонардо Игита, Арнольд Кнауб, Ринат Төреғазин, Ақжол Дәрібай, Әбдірасул Әбдіманапұлы, Азат Валиуллин, Лео, Альберт Ақбалықов, Шыңғыс Есенаманов, Біржан Оразов, Дәурен Тұрсағұлов, Жахангир Рашит және Дуглас Жуниор сынды спортшылар қорғайды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript