Жаңа маусымды сәтсіз бастаған "Барыс" хоккей командасы сырт алаңда жеңіске жетті
Сурет: hcbarys.kz
"Барыс" хоккей клубы 17 қыркүйекте ҚХЛ-дың жаңа маусымындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Екатеринбургта қазақстандық команда жергілікті "Автомобилистпен" кездесті. Матч овертаймнан кейін 2:1 есебімен қонақтардың пайдасына шешілді. "Барыс" үшін жеңіс әкелген шайбаны қарсыластар қақпасына канадалық шабуылшы Майкл Маклеод дөп соқты, деп жазады sportarena.kz.
Осы кездесуге дейін "Барыс" жаңа маусымда бір де бір жеңіске қол жеткізе алмай, лигадағы соңғы орында тұрған команда болып еді.
Бір қызығы, бірнеше күн бұрын "Автомобилист" "Салават Юлаевты" 6:1 есебімен сенімді түрде жеңіп, алдыңғы ойында кеткен есені (3:5) қайтарған болатын.
Бұған дейін "Барыс" ХК ойыншыларының жалақысына 3 млрд теңгеден астам қаражат жұмсайтыны белгілі болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript