"Барыс" өз алаңында "Сочиден" басым түсті

Барыс, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.09.2024 22:17 Сурет: hcbarys.kz
Астаналық "Барыс" Құрлықтық хоккей лигасында "Сочи" ХК-мен ойнады. Бұл жаңа жаттықтырушы Вячеслав Буцаевтың жетекшілігімен өткен алғашқы матч болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кездесу барысында командалар тартысты ойын өткізді. Нәтижесінде "Барыс" сапынан Уэйд Эллисон 10-минутта мергендік танытты. Бұл гол елордалық клубқа жеңіс алып келді.

Қарсыласынан 1:0 есебімен басым түскен "Барыс" турнир кестесінде бір сатыға жоғарылап, 22-орынға тұрақтады.

28 қыркүйекте "Барыс" Астанада "Витязьбен" кездеседі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: