"Мықтылар турнирі": Қарағандыда алғашқы жеңімпаздар анықталды

бокс, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.09.2024 20:18 Сурет: olympic.kz
Әйелдер боксынан Қарағандыда өтіп жатқан "Мықтылар турнирінде" алғашқы жеңімпаздар есімі белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

48 келі салмақта Әйгерім Сәттібаева топ жарды. Ол финалда Ақбота Болаттан басым түсті. 

50 келіде команда үздігі Алуа Балқыбекова жеңіске жетті. Ақтық сында Алуа ресейлік қарсыласын ұтты.

52 келіде Жазира Орақбаева, 54 келіде Әнел Сақыш көш бастады.

60 келіде алматылық Виктория Графееваға тең келер ешкім болған жоқ. 

57 келіде Жамбыл облысының өкілі Виктория Байдукева үздік шықты.

63 келіде қарағандылық Аида Әбікеева, 66 келіде тәжірибелі Милана Сафронова жеңіске жетті. 

Турнир әлі жалғасып жатыр. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: