Бүгін Қарағандыда әйелдер боксынан Азия чемпионатына іріктеу турнирі басталады

Бокс, әйелдер арасындағы, Қарағанды, Азия чемпионаты, іріктеу турнирі, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.09.2024 09:25 Сурет: freepik
Бүгін, 22 қыркүйекте Қарағанды қаласында әйелдер боксынан “Мықтылар турнирі” басталады. Бұл жарыс қарашада Иорданияда өтетін Азия чемпионатына іріктеу болып табылады, деп хабарлайды Zakon.k

Қазақстан бокс федерациясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, жарыс 22-28 қыркүйек күндері аралығына белгіленген. Турнирде 19-40 жас аралығындағы спортшылар 12 салмақ дәрежесі бойынша өзара бақ сынасады.

Атап айтқанда: 48 кг, 50 кг, 52 кг, 54 кг, 57 кг, 60 кг, 63кг, 66 кг, 70 кг, 75 кг, 81 кг, +81 кг.


"2006 жылғы қатысушылар бас бапкердің рұқсатымен ғана жарысқа жіберіледі. Қазақстан бокс федерациясы аталмыш жарысты барынша ашық өткізу үшін тікелей көрсетілім, толыққанды ақпарат тарату және таза төрелік тұрғысынан қамтамасыз етеді Айта кетерлік жайт, Қарағандыдағы бәсекеде боксшылар арнайы бас киімсіз шаршы алаңға шығады. Бұл өзгеріс әйелдер боксында халықаралық аренада бұдан былай бас киім болмайтынымен байланысты. Соның ішінде жаңа ереже Азия чемпионатынан бастап енгізілмек", делінген хабарламада.

Айта кетсек, 20 қыркүйекте Қазақстан бокс федерациясы ерлер құрамасының жаңартылған бапкерлік құрамының тізімін жариялаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: